Оқушылар Бурабай ұлттық паркінде құстарға жем салатын астаулар орнатты

құстар
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

БУРАБАЙ. KAZINFORM — Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мектеп оқушылары мен орман инспекторлары бірлесіп, құстарды қоректендіру үшін жем салатын астау орнату акциясын өткізіп жатыр. 

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінің мәліметінше, құстарға қамқорлық жасауға бағытталған игі шараға екі ай ішінде Бурабай, Бұланды және Біржан сал аудандарындағы 23 мектептен барлығы 150-ден астам оқушы қатысқан.

құстар
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

«Мектеп оқушылары оқушылары мен орман инспекторлары бірлесіп „Бурабай“ МҰТП аумағында құстарға жем салатын 62 астау орнатты. Сонымен бірге, осындай астауларды саябақ аумағынан бөлек, жаяулар жолы мен туристік бағыттардан да кездестіруге болады. Орманшылар бұл астауларды күтіп, тазалап отырады және қанатты достарға жем салады», — дейді «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінен.

құстар
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Экологиялық ағарту жөніндегі маман Жанар Айтмағанбетованың айтуынша, табиғатты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді.

құстар
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Мұнда оқушылар табиғатпен байланысып, құстардың алуан түрі мен оларды қорғаудың маңызын түсінеді.

құстар
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

«Бастапқыда торғайлар бізден үркіді, кейін үйреніп кетті. Мұнда құстардың бірнеше түрі бар, олардың түрі де, түсі де бір-біріне ұқсамайды. Қыста оларға жем-азық табу қиын. Сол себепті біз оларға үнемі қамқорлық жасауымыз керек», — дейді Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің оқушысы Алдияр Ермекбаев.

құстар
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Еске салайық, биылғы қысқа «Бурабай» ұлттық паркінде 470 тонна шөп және 135 мың бума жапырақ дайындалған. 

құстар
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі
ұя
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар