Оқушының электронды күнделіктегі дерегі қалай қорғалады
АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Күнделік», «BilimClass» сияқты ақпарат жүйелеріндегі бала дерегі қаншалықты қорғалғанын айтты.
«Нарықта осындай жекеменшікте ақпарат көп болса, бәсеке ұлғаяды. Ақпараттық қауіпсіздік сертификациясынан өтуі керек. Білімге қатысты платформалар немесе Т.Турловтың платформасы, бұлардың бәрі үлкен инвесторлар, нарықта бар», – деді министр журналист сұрағына берген жауапта.
Ведомство басшысы аталған платформалар уақыт сынынан абыроймен өтті деп санайды.
«Олардың сол нәтижелері жоғары деңгейде екенін біз көрдік. Жаңа платформаларды қазір талқылай алмаймын: Өйткені оларға әлі анализ жасаған жоқпын», – деді Жаслан Мәдиев.