Оқушы Шумахер туралы кітап жазып, кумиріне жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық оқушы Эйден Гормли Михаэль Шумахер туралы кітап жазып, оның бір данасын кумиріне сыйға тартты, деп жазады Euromag.

Оқушы Шумахер туралы кітап жазып, кумиріне жолдады

Оқушы кітабын «Ферраридің шым-шытырық оқиғалары » деп атаған. Ол үшін автоконцерннен брендті кібатында пайдалануға арнайы рұқсат та алған.

Ол кітаптан түскен қаражаттың барлығы қайрымдылық қорына аудармақ. «Мен кішкентаймын, маған бай болуға әлі ерте», - депті жас автор.

Оқушының сыйлығын қабыл алған спортшының жұбайы Корина Шумахер ризашылық білдіріп, хат жолдаған. Онда: «біздің Михаэль қайсар адам, ол оңайшылықпен берілмейді» деп жазылған.

Еске сала кетейік М.Шумахер 2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың маусымына дейін комада жатты, дәрігерлердің айтуынша, рождество мерекесіне дейін ол ауруханадан шығады.