Оқушыға қажетті кеңсе заттары қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросы кеңсе тауарларының бағасы бір жылда қалай өзгергені туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқушыға қажетті кеңсе заттары қымбаттады

Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда кеңсе тауарларының бағасы 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.

Атап айтқанда, мектеп дәптерінің бағасы – 77,2%, қалам – 38,6%, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% көтерілді.