Оқушыға қол көтерген əкім қызметінен босатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушысын соққыға жығып, ес-түзсіз ауруханадан бірақ шығарған Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты тəртіптік кеңестің отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова Фейсбук әлеуметтік желісіне А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жыққандығы туралы жазған болатын. Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «мидың шайқалуы» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді. Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды. Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат ХАА тілшісі прокуратура органдарына сауал жолдады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын атап өтті.

Бүгін осы оқиғаға себепкер Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Тәртіп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда кеңес мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 10 бабының  8 бөлімшесі, 49 бабының 1 бөлігі 3, 4, 7  бөлімшелері, Әдеп жөніндегі Кодекстің 5 бөлігі 2, 7, 13 және  7 бөлігі 1 бөлімшесі бойынша айыпталған Қорғалжын ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік қызметші Жанат Омаровты қызметінен босату туралы бірауыздан шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар