Оқушылар әскерилердің жауынгерлік жетістіктерімен танысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімінің базасында ашық есік күні өтті.

Оқушылар әскерилердің жауынгерлік жетістіктерімен танысты (ФОТО)

Әскери бөлімде заманауи армияны көрсететін мерекелік көңіл-күй орнады. 200-ге жуық мектеп оқушысы мен колледж студентіне техника мен қару-жарақтың түрлері таныстырылды. Жауынгерлер АРД кедергілер жолағынан қалай өту керек екендігін, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс көрсетті. Спорт қалашығының аумағында әскерилер белтемірде тартылу және қоссырықтарда қолды бүгу және жазуды көрсетті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері оқушыларды жауынгерлік және спорттық даярлықтағы жетістіктерімен таңғалдырып қана қойған жоқ. Балалар алғаш рет әскери қызметшілерге арналған киімдердің бірнеше үлгілерін, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларда қолданылатын қысқы киім нысаны, бүркемелеу халаттары, арнайы киім үлгісі, сондай-ақ техниканы, яғни, «Кобра» броньдалған дөңгелекті машинасын көрді.

Оқушылар әскери қызметшілердің жаттығуы қалай өтетінін өз көздерімен көргілері келіп, қызығушылық танытты. «Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні алдында біз армияның тыныс-тіршілігіне білек сыбана кірісіп кетеміз. Армиядағы қызметтің қалай өтіп жатқанын көреміз, ардагерлерімізді құттықтап, алғыс білдіреміз», - деп атап өтті жеткіншектер.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қарулы күштер қатарында көптеген іс-шаралар өтеді. Оның қатарында мереке концерті, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау, спорттық сайыстар бар.
null null null null null null null null null null null