Оқушылар лигасында бас жүлдеге таласатын футбол командалары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Оқушылар лигасының 2002-2003 жылғы жеткіншектері арасындағы турнир шарықтау шегіне жетті. 
None
None

Ертең Көктал елдімекеніндегі №40 орта мектептің спорт залында финалдық ойын өтеді. Бас жүлдеге №28 және №71 мектептер таласады.

Екі аптаға созылған Оқушылар лигасының бұл тобына барлығы 56 команда қатысқан болатын. Алдымен топтық турнир өтіп, командалар 12 топқа бөлінді. Осылайша әр топтың екі үздік командасымен үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші жоғары сегіз команда 1/16-финалға жолдама алған. Қаладағы №56 спорт мектебінің алаңында плей-офф ойындары өтіп, бас жүлдеге таласатын екі команда белгілі болды.


 Авторы: Алпамыс Исраил. Есік білім-инновация лицейі

Соңғы жаңалықтар