Оқушылар мектеп партасынан денсаулығынан айырылуда - Т.Дүйсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқушылар мектеп партасынан денсаулығынан айырылуда. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесуін өткізген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты.
None
None

«Алдын алу шаралары ауруға шалдығу тәуекелдері бар тұлғаларда ғана жалғастырылмауы керек. Адамдарды денсаулық сақтау ісіне тарта отырып, олардың өздерінің де қатысуын қамтамасыз ету арқылы қамқорлық жасаған жөн. Меніңше, бұл ең бірінші кезекте балаларға қатысты», - деді ол.

Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, мектеп оқушыларын алдын ала тексеру барысында асқазан-ішек, көз, тыныс органдары аурулары көптеп табылған.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, мектеп партасынан денсаулықтан айырылудамыз. Осыған орай біз балаларды сауықтыру іс-шаралары мектептен басталуы қажет деп ұйғардық. Бүгінде біз өзіміздің қоғамдық ұйымдарымызбен бірлесіп, «Бала-аман» жаңа бағдарламасын әзірледік», - деді министр.

Оның мәліметтерінше, ағымдағы жылдың қаңтарынан 2,6 миллионнан астам бала медициналық тексеруден өтіп, оның  ішінде 306 мың оқушы алғаш рет диспансерлік есепке алынған.

«Оның ішінде 25 мың бала демалыс кезінде шипажайларға, 144 мыңы стационарлық ем алуға жіберілді және шамамен 100 мың бала қазіргі уақытта амбулаториялық ем алуда. Яғни, біз тәуекел топтарын, кім, қайда емдеу қажеттігін анықтадық. Бұл сауықтыру шараларының нәтижесі қыркүйек айында бағалатын болады», - деді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар