Оқушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 17 бала мерт болды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Пәкістанның Синд өлкесінде мектеп автобусы жүк көлігімен соқтығысып, кемінде 17 бала қаза тапты, деп хабарлады аталған елдің Geo News телеарнасы.
Қайғылы оқиға Навабшах қаласында орын алған. 14 бала түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. Оқиғаның шығу мән-жайы әзірше белгісіз. Полиция қайғылы оқиғаны тергеу үстінде.