Оқушылар сарайында мультимедиялық экспонаттармен ұлттық интерактивті парк ашылады
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Оқушылар сарайында мультимедиялық экспонаттармен ұлттық интерактивті парк ашылады.
Сондай-ақ, интерактивті режімде алғашқы виртуалдық техника мұражайын құру көзделген. Бұл туралы Астана қаласы Оқушылар сарайының инновациялық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары Даниель Оразбеков мәлім етті,деп жазады елорданың ресми сайты.
«Оқушылар сарайының ашылғанына 1,5 жыл болды. Мұнда 137 үйірмеге 9 мың бала келеді. Республикалық және халықаралық деңгейдегі 160-тан астам іс-шара ұйымдастырылды», - деді ол.