Оқушылар сарайының өнерлі балалары жетімдер мен науқас балаларға қайырымдылық жасауда (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында "Мен сені сүйем, елордам!" атты сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен заманауи дизайн көрмесі өтті.
Онда Оқушылар сарайындағы сурет және көркем өнер үйірмесінің тәрбиеленушілеріне Ерлан Назарқұлов, Ералы Досмағамбетов сынды еліміздің танымал суретшілері шеберлік сағатын өткізіп, балалар өз ойларын қылқалам арқылы қағаз бетіне түсірді.
"Бұл бір жағынан қайырымдылық шарасы ретінде ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі шеберлік сағатында салынған барлық суреттер мен жасалған бұйымдардың үздіктері балалар үйлері мен қарттар үйіне сыйлық ретінде таратылады. Сонымен қатар, ауыр науқасқа шалдығып, жарымжан болып, ауруханаларда жатқан бүлдіршіндерге де жөнелтіледі. Кеше біздің үйірмеміздің үлкен топтары салған суреттер мен бүгінгі салынып жатқан суреттердің жалпы саны 300-ге жуықтады", - деп атап өтті Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.
Оның айтуынша, әлеуметтік нысандарға жіберуден артылған туындылар Астана күнінде арнайы көрмеге қойылып, өнерсүйер қауымның тамашалауына қойылады. Ерлан Назарқұлов Қымбат Іргебаева