Оқушылар жауынгерлік өмірдің тыныс-тіршілігіне сапар жасауда - Алматы
АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әуезов ауданы мектептерінің кәмелеттік жасқа толмаған оқушылары мен аудандық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған балалар,
№ 61 993 әскери бөлімшесіне сапармен барып, жауынгерлік өмірдің тыныс-тіршілігімен танысуда, деп хабарлайды Әуезов ауданының әкімдігі.
Аталмыш шараның мақсаты Әуезов ауданының кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жас жеткіншектердің патриоттық, рухани және адамгершілік сезімдерін ояту әрі құқықтық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара барысында ауданның 150 жасөспірімі бөлімшенің тарихы мен Аэромобильді әскери дәстүрге шолу жасап, бөлімше нысандарын, әуе-десант кешенін, әскери машиналар паркін, спорт кешені мен казармаларды аралап, жауынгерлердің көрнекі орындауларын тамашалайды.