Оқушылардың 51-ші Халықаралық математикадан олимпиадаға қатысушыларды тіркеу ақпанның 16-сынан басталады

деп хабарлайды ҚазАқпарат олимпиаданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қатысушылар ХМО-ның ресми сайтында он-лайн режимінде қажетті рәсімдеулерден өтуі тиіс. Мектеп оқушылары наурыздың 1-іне дейін, ал жетекшілер, олардың орынбасарлары мен бақылаушылар - сәуірдің 30-ына дейін тіркеле алады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында мәлімдегеніндей, олимпиадаға 600-ден астам оқушы, 300-ден астам команда жетекшілері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ әлемнің 110 елінен бақылаушы қатысады деп күтілуде.
ХМО - әлемдегі беделді ғылыми жарыстарының бірі болып саналады. 1959 жылы Румынияда өткен алғашқы олимпиадаға 7 ел қатысса, соңғысы - 2009 жылдың шілде айында Бремен қаласында өткен жарыстың қатысушыларының саны 104-ке дейін өсті. Ал Қазақстан ХМО-ға 1992 жылдан бастап бақылаушы ретінде қатыса бастады. 1993 жылы біздің ел ХМО-ның толық мүшесі болды.