Оқушылардың спорттан президенттік тестілеу нормативіне өзгерістер енгізілуде - Ерлан Қожағапанов

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Оқушылардың спорттан президенттік тестілеу нормативіне өзгертулер енгізілуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.

«Қазіргі кезде агенттік президенттік тестті дәріптеу мақсатында нормативке және оны тапсыру тәртібіне өзгертулер енгізуде. Алдағы оқу жылының аяғына дейін ұсынылып отырған нормативтерді мектептерде қабылдап, оны оқушылардың тапсыру нәтижесі бойынша бекіту жоспарлануда»,-деді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын дене тәрбиесі дайындығы бойынша президенттік тесттің нормативтерін сәтті тапсыратын оқушылар саны азайып келе жатыр екен. «2012 жылы президенттік тестке қатысқан 613 мың оқушының ішінен тек 3 пайызы ғана табысты өтті, «жақсы» деген көрсеткішке 10 пайыздан сәл астамы ғана қол жеткізді. Ал қалғандары мүлдем тапсыра алмады»,-деді Е. Қожағапанов.

Соңғы жаңалықтар