Оқушыны соққыға жыққан әкім ісі: Сот-медициналық сараптама тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғалжың ауылдық округі әкімінің 8-ші сынып оқушысын соққыға жығуына қатысты Ақмола облыстық ішкі істер департаменті бүгін ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Қорғалжың ауылдық округінің әкімі Ж.Омаровтың кәмелеттік жасқа толмаған Мұқан Диасты соққыға жығуына қатысты таралған ақпаратқа байланысты қазіргі уақытта ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесінде әкімнің әрекетіне құқықтық баға беріліп, нақты процессуалды шешім қабылданатын болады»,-  делінген облыстық ішкі істер департаменті таратқан ақпаратта. 

Еске сала кетейік, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова Фейсбук әлеуметтік желісіне А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жықандығы туралы жазған болатын. Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «мидың шайқалуы» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізілгенін айтқан еді. Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды.

Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат ХАА тілшісі прокуратура органдарына сауал жолдады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар