Оқушының әкесі соққыға жыққан мұғалім полицияға жүгінді - Қостанай

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат- Полицейлер оқушының әкесі соққыға жыққан мұғалімге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«22 қаңтар күні қалалық полиция бөліміне 29 жастағы Қостанай тұрғыны жүгінді. Ол өзін 37 жастағы ер адамның мектеп ішінде соққыға жыққанын айтты»,- деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, Қостанай қаласы А.М.Горький атындағы мектептің екінші сыныбында оқитын қыздың әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін соққыға жыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар