Оқушының үлкен өлшемді мектеп формасы ауыстырылып берілді – Жетісу әкімдігі
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы білім басқармасы оқушыға берілген үлкен размердегі мектеп формасын ауыстырып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін оқушының анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызына берілген мектеп форманың шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді.
«Кербулақ ауданы Нұрым ауылының 4 сынып оқушысы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімінде болмаған. Анасының өтінішіне байланысты мектеп формасы берілген, оқушыға өлшемі үлкен болған. Бүгінде форма ауыстырып берілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Видеодан алынған кадр