09:35, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Оқыс оқиға салдарынан Алматы-Новосібір жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - ШҚО-да жүк составының 16 вагонының рельстен шығып кетуі салдарынан оңтүстік астана вокзалынан сағат 05.55-те шығуға тиіс Алматы-Новосібір жолаушылар пойызы кідіртілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқыс оқиға Семейден 28 шақырым жердегі Локоть стансасында болған. Кеше, шілденің 31 күні күндізгі уақытта Новосібір-Сарыағаш бағытындағы жүк пойызының 16 вагоны рельстен шығып кеткен.
Апат салдарынан Алматыдан Новосібірге қатынайтын жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Сол күні сағат 21.00-де жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Төтенше жағдайды жоюға «ҚТЖ» АҚ-ның 50 адамы мен 1 апатты-қайта қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.