Оқытушылар математика мен физикадан ҰБТ тапсырмаларын шешу әдістемесімен бөлісті
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордалық нақты ғылымдардың оқытушылары №1 мектеп-лицейдің түлектерімен математика мен физикадан ҰБТ тапсырмаларын шешу әдістемесімен бөлісті.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.
Мектеп-лицейде республикалық тестілеуге дайындық аясында шеберлік сынып формасында қаланың үздік оқытушыларының тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында «Математика және физикадан ҰБТ тапсырмаларын шығармашылық тұрғыдан шешу» тақырыбы бойынша қалалық семинар өткізілді.
«Шеберлік сыныпта барлық қатысушыларды топтық жұмыс арқылы белсенді қызметке тартуға мүмкіндік берген оқытудың жаңа тәсілдері қолданылды», - деп хабарлады Басқармадан.
Ведомствоның хабарлауынша, семинарға ҰБТ дайындық жөніндегі үздік оқытушылар, өз істерінің нағыз шеберлері қатысты. Шеберлік сыныбы осы сияқты іс-шаралардың қажеттілігін көрсетті. Барлық 35 қатысушы ҰБТ тапсырмаларын жаңа шығармашылық тұрғыдан шешу тәсілдерін меңгерді, дейді Басқармадағылар.