«Оқжетпес» футбол клубының жұмысшыларына 425 млн теңге жалақысын бермей келген

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетау қалалық прокуратурасы футбол клубы қызметкерлерінің конституциялық құқығын қорғады.

оқжетпес
Фото: fcokzhetpes/Instagram

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» футбол клубы ШЖҚ МКК-да жалпы сомасы 425 млн теңгеге 160 қызметкерге жалақы берешегі бар екені анықталған. 

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы қарыз толық өтелді, кінәлілер заңда белгіленген жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Айта кетсек, «Оқжетпес» футбол клубы ҚР Премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында нашар ойын өрнегін көрсетіп, бірінші лига түсіп қалған болатын.

Еске салайық, Ақмолада шенділер болмаған төтенше жағдайдың салдарын жоюға қаржы жұмсамақ болған.