«Оқжетпес» пен «Қайсар» оянды!
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Футболдан ел біріншілігінің 7-турында күтпеген қос нәтиже тіркелді. «Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше,
жұрт аутсайдер деп қатардан сызып тастаған «Қайсар» мен «Оқжетпес» жеңіске жетті. Көш соңындағы қос команда тізгін басындағыларды тізе бүктірді.
«Қайсар» өз алаңында «Ертісті» ұтса (2:0), «Оқжетпес» елордада «Астананың» адымын аштырған жоқ - 4:1. Бұл екі команданың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңістері.
«Тараз» өз алаңында «Ордабасыны» ұтты - 2:1. Дәл осындай есеппен «Ақжайық» сырт алаңда «Жетісуді» жеңді. Алматыда «Сұңқар» мен «Тобыл» тең тарқасты - 0:0.
«Шахтер» сырт алаңда «Атыраудан» басым түсті - 2:0. «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбемен» ұпай бөлісті - 1:1.