«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері ардагерлерді қуантты

АСТАНА. KAZINFORM —  Президент Іс басқармасына қарасты «Оқжетпес» шипажайы тек Жеңіс күні қарсаңында емес, жыл бойы ардагерлердің жағдайын біліп, оңалту шараларын өткізіп тұрады.

«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері ҰОС ардагерлерімен кездесті
Фото: «Оқжетпес» ЕСК баспасөз бөлімі

Бүгін шипажай басшысы Яков Стерлигов Бурабай ауданының әкімдігімен бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагерлері Харина Антонина Павловна, Матвеев Николай Максимовичтің жағдайын біліп, көңіл білдіру үшін Щучинск қаласына келді.

Кездесу барысында ардагерлерге мерейтойлық медальдар табысталып, шипажай атынан азық-түлік себетін сыйлады.

«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері ҰОС ардагерлерімен кездесті
Фото: «Оқжетпес» ЕСК баспасөз бөлімі

Одан бөлек, мәдени-демалыс қызметі және бейнеоператор бөлімінің қызметкерлері бекітілген екі тыл еңбеккерінің жағдайын білу үшін Көкшетау қаласына барды.

«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері ҰОС ардагерлерімен кездесті
Фото: «Оқжетпес» ЕСК баспасөз бөлімі

Онда Елбергенов Өтелбай Елберергенұлы қазіргі уақытта жұбайымен бірге Көкшетау қаласы ауруханасының кардиологиялық бөлімшесінде оңалтуда. Бас дәрігердің рұқсатымен қызметкерлер құттықтау қағаздары мен азық-түлік себетін табыс етті.

«Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері ҰОС ардагерлерімен кездесті
Фото: «Оқжетпес» ЕСК баспасөз бөлімі

Тыл еңбеккері Зейнуллин Бегайдар Мұқанұлын және Безрученко Анна Никаноровнаның жағдайын біліп, денсаулығын тексеріп, сыйлықтар тасыстады. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке барды.

Соңғы жаңалықтар