«Оқжетпес» Швейцария мен Венгрияның үздік командаларымен кездеседі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Премьер лигада өнер көрсететін көкшетаулық "Оқжетпес" футбол командасы 2019 жылғы маусымға дайындық шеңберінде алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандық жас маман Андрей Карпович бастаған көкшетаулық футбол клубы қаңтардың 7-21 күндері аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияның Белеке қаласына барды.

Онда клуб Швейцария жəне Венгрияның үздік командаларымен жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Ең бірінші Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін ыстанбұлдық "Сарыер" футбол командасы көкшетаулықтарға қарсы ойнайды. Бұл кездесу қаңтардың 10-на жоспарланып отыр. Ал, қаңтардың 13-де "Оқжетпес" ойыншылары Швейцарияның супер лигасында ойнайтын 2 дүркін ел чемпионы жəне 13 дүркін ел кубогінің иегері "Сьон" клубымен күш сынасады. Бұл командаға кезінде Мəскеудің "Спартак" жəне Швейцарияның "Базель" клубтарын жаттықтырған жас маман Мурат Якин жетекшілік етеді.

Сонымен қатар, көкшетаулық клуб қаңтардың 17 жəне 20 күндері Мажарстанның "Аквиталом" жəне "Халадаш" командаларымен жолдастық кездесу өткізіп, оқу-жаттығу жиынын қорытындылайды.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай Андрей Карпович Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған болатын. 37 жастағы бапкер ұзақ жылдар бойы бірқатар отандық клубтарда, соның ішінде «Қайратта» да ойнаған.

2017 жылы алматылық «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысының көмекшісі, кейін бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болды. «Қайрат» футбол клубының сапында 2018 жылғы маусымда Қазақстан кубогінің иегері атанды.

Карповичпен бірге "Оқжетпес" футбол клубының жаттықтырушылар штабына Сергей Лабодовский, Борис Глушков, Александр Ольхов, Евгений Валентюкевич жəне Магомед Нозадзе сияқты танымал мамандар еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар