Ольга Кабанюк: «Мен Ислам дінін қабылдағаныма өте қуаныштымын»

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Кешегі Қадір түнінде «Әзірет Сұлтан» мешіті елордадағы осы мешітке келіп мұсылманшылықты қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне ауызашар ұйымдастырды.

 Ольга Кабанюк: «Мен Ислам дінін қабылдағаныма өте қуаныштымын»

Еске салсақ, исламды қабылдап, Алла бір, Мұхаммед оның елшісі деп куәлік еткен жандардың бәрі - нәзік жандылар. Олардың есімдері - Ольга Кабанюк, Екатерина Чевячина, Ольга Лагутина, Елена Мухатова. «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп тілін кәлимаға келтірген Ольга Кабанюк: «Мен Ислам дінін қабылдағаныма өте қуаныштымын. Қазіргі уақытта исламға қатысты әдебиеттерді көп оқып, білімімді тереңдетудемін. Ендігі парызым - намазды бастау», - деді ағынан жарылып. Осы қыздарға арнап берілген ауызашарда мешіт ұжымы «ислам қарлығаштарына» сый-сияпат үлестірді.