Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов СҚО нысандарын аралады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Нысандарды аралау барысында Сенат депутаттары өндірістік желілерді аралап, кәсіпорын басшыларымен түйткілді мәселелерді талқылады, сондай-ақ ұжыммен кездесті.

«Біздің көршілерімізде қалыптасқан жағдай біздің өндірістерімізге қалай әсер ететінін білу біз үшін маңызды болды. Халықпен кездесу барысында азаматтардың бағаның өсуіне алаңдайтынын көрсетті. Президент тиісті тапсырма берді, Сауда және интеграция министрлігі осымен айналысады», — деді Ерік Сұлтанов.

Одан әрі сенаторлар Тимирязев ауданы мен Шал ақын ауданында болып, әлеуметтік нысандардың қызметінен бастап көктемгі дала жұмыстарына дайындыққа дейінгі бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мәселен, Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов жалпы білім беретін мектептерді, спорт нысандарын аралап, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жағдайымен, тауарлы-сүт фермасының құрылысымен, өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысты, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмыскерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

«Біз Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының жүздесу барысында көтерген мәселелерін шешумен айналысатын боламыз», - деді Ольга Перепечина.

Сондай-ақ, сенатор Ерік Сұлтанов мемлекет және саясат қайраткері Жақсылық Ғабдоллаұлы Ысқақовтың 90 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.

Облыс әкімі, белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері қатысқан шара барысында сенатор күннің қаһарманына Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі.



Соңғы жаңалықтар