Ольга Полторанина Германияда IBU Кубогы кезеңінің спринтінде мәреге 21-ші болып жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің Арбер қаласында IBU Кубогының кезекті кезеңі өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Ольга Полторанина  Германияда IBU Кубогы кезеңінің спринтінде мәреге 21-ші болып жетті

7,5 шақырымдық спринтерлік жарыста екі отты межемен ресейлік Ольга Якушова жеңіске жетті, екінші - украиндық Яна Бондарь, ал үшінші орынды ресейлік Галина Нечкасова еншіледі.

Қазақстандық Ольга Полторанина мәреге 74-тің 21-шісі болып жетті.

Биатлон. IBU Кубогы. Алтыншы кезең. Арбер (Германия),

Әйелдер. Спринт. 7.5 км. Екі отты меже.

1. Ольга Якушова (Ресей) - 23:30.1 (1+0)

2. Яна Бондарь (Украина) - +5.5 (0+0)

3. Галина Нечкасова (Ресей) - +21.6 (1+0)

21. Ольга Полторанина (Қазақстан) - +1:47.6 (1+1).