Ольга Полторанина IBU Кубогында 15-ші нәтиже көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше итальяндық Риднауда биатлон бойынша IBU Кубогы аясында әйелдер арасында спринттік жарыс өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Ольга Полторанина IBU Кубогында 15-ші нәтиже көрсетті

Бәсекеде украиналық Ирина Варвинецтің мерейі үстем болды. Екінші орынды франциялық Аноис Шевалье еншілесе, үшінші орын ресейлік Анна Щербининаға бұйырды.

Қазақстандықтардың арасында Ольга Полторанина үздік болды. Ол 15-ші орында. Ал Марина Лебедева мәреге 53-ші болып жетті.