Ольга Рыпакова 2020 жылғы Олимпиада ойындарына норматив орындады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстанның лицензиялық кубогында Ольга Рыпакова Олимпиадалық ойындар нормативін орындады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сайыста Лондон олимпиадасының чемпионы жалпы есепте 14.37 ұпай алып, Токиода өтетін Олимпиада ойындарының нормативін орындаған. Екінші орын алған Мария Овчинникова 13.79 ұпай жинаса, үшінші орын алған Лаура Ахметва 12.92. ұпайға қол жеткізді.