21:57, 21 Ақпан 2016 | GMT +5
Ольга Рыпакова Азия чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ольга Рыпакова мен Элина Михина Катарда жабық кешенде өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Риддерлік желаяқ қыз Элина Михина 400 м қашықтықта екінші келді, ол Азияның жаңа рекордын орнатқан (51,67) брунейлік спортшы Миждат Олувакемиға ғана есе жіберді, деп жазады vksport.kz.
Ольга Рыпакова күткеніміздей Азия чемпионы атанды. Ол соңғы мүмкіндікте 14,32 м ұзындыққа секірді. Бұл да Азия біріншілігінің жаңа рекорды. Үш аттап секіруден тағы бір қазақстандық шебер Ирина Эктова үшінші орында.