Ольга Рыпакова «Гауһар лигада» үздік бестікке кіре алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде өткен «Гауһар лигасы» кезеңінде қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 8-ші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ольга Рыпакова «Гауһар лигада» үздік бестікке кіре алмады

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Ольга аталған додада мықтылар қатарына жақындай алған жоқ.

Рыпакова алты мүмкіндік ішіндегі ең үздік нәтижесі - 14,25 метр. 7 маусым күні Ослода өткен кезеңде Ольга 14,06 метр көрсеткішімен 6-шы орын иеленген болатын.

Парижде кіл мықтылар Ольганың үздік үштікке жақындауына мүмкіндік берген жоқ. Ал Рио Олимпиадасының чемпионы Катрин Ибаргуэн бұл жолы да қара үзіп кетті.

1. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) - 14.83 м;

2. Кимберли Уильямс (Ямайка) - 14.56;

3. Тори Франклин (АҚШ) - 14.49;

4. Кристин Гириш (Германия) - 14.42;

5. Шаниека Риккетс (Ямайка) - 14.38;

6. Ана Пелетейро (Испания) - 14.31;

7. Руги Диалло (Франция) - 14.27;

8. Ольга Рыпакова (Қазақстан) - 14.25.