Ол маған домбыра сыйлады - қытайлық блогер Димаш туралы айтты

АСТАНА.KAZINFORM  -  Қытайлық Li Yimei есімді танымал блогер отандасымыз, әйгілі өнерпаз Димаш Құдайбергенмен қалай танысқаны туралы баяндап берді.

 Li Yimei есімді танымал блогер
Фото: Видеодан алынған кадр

Ол әншімен бір бағдарламада жұмыс істеген және оған Димаш домбыра сыйлаған.

- Бәріңізге сәлем! Менің есімім — Li Yimei. Мен Димашты өте жақсы танимын және ол Қытайда өте танымал әнші. Өйткені Димаш Қытайдағы музыкалық телешоулар мен бағдарламаларға жиі қатысады. Ол керемет әнші және оны көптеген адам жақсы көреді, - дейді блогер.

Li Yimei Димаш қатысқан, күзгі фестивальге арналған телебағдарламаны жасау құрметіне ие болғанын мақтанышпен жеткізді.

- Бағдарлама кезінде біз көп әңгімелесіп, бір-бірімізді жақынырақ таныдық. Ол тіпті маған қазақтың ұлттық аспабы — домбыраны сыйлады.

Сүйікті досымыз Димаш Құдайбергеннің арқасында мен қазақ халқының мәдениетімен таныспын, - дейді қытайлық блогер.

Айта кетейік, жақында Димаш Құдайберген жаңа әнінің премьерасын жариялады.