Ол мәңгілік жүрегімізде - Димаш Құдайберген Бекзат Саттарханов туралы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты Instagram-дағы парақшасында еске алды. Бүгін - спортшының туған күні.

Ол мәңгілік жүрегімізде - Димаш Құдайберген Бекзат Саттарханов туралы

«Бүгін қазақтың қайсар батыры Бекзат Саттарханов ағамыздың өмірге келген күні.Қысқа ғана ғұмыр кешсе де ,еліміздің тұғырын үлкен деңгейге көтерген арыстай азаматымыз мәнгілік жүрегімізде. Ер есімі ел - есінде! Алаштың текті ұрпағының тұқымы Бекзат аға, жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын», - деп жазды Димаш.

Қазақстандық боксшы, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Спортшы небәрі 20 жасында көлік апатынан қапыда көз жұмды.