«ОЛЕ БРАЗИЛДЕН» - «БӘЙТЕРЕККЕ»...

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын «Оле Бразил» академиясын тәмамдаған футболшылар үшін Астанада жаңа футбол командасы құрылғаны жарияланған болатын.

«ОЛЕ БРАЗИЛДЕН» - «БӘЙТЕРЕККЕ»...

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, бүгін Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі жаңа команданың атын жариялады. Ел біріншілігінің бірінші лигасында ойнайтын команданың атауы - «Бәйтерек». Олар «Астана-Арена» стадионында жаттығатын болады.