Өлер алдында сұхбат берген Б.Березовский «өмірдің мәнін жоғалтқандығын» айтқан

АСТАНА. 24 наруыз. ҚазАқпарат - Forbes журналының журналисі Борис Березовскийдің өлерінен бірнеше сағат бұрын 22 наурыз күні кездескен, деп жазады Росбалт.

Өлер алдында сұхбат берген Б.Березовский «өмірдің мәнін жоғалтқандығын» айтқан

Журналист Илья Жегулевтің атап өтуінше, ол Березовскийге аталған сұхбатты жария етпеуге уәде берген. Дегенмен ол өмірден озғаннан кейін уәдесін бұзуға шешім қабылдапты.

«Ресейге оралу... Мен Ресейге оралудан басқа ештеңе қаламаймын. Тіпті қылмыстық іс қозғалғаннан кейін де мен Ресейге оралғым келді. Тіпті қылмыстық іс қозғалған кезде де! Тек қана Елена Боннердің кеңесімен қалдым. Ең бастысы, мен өзіме Ресейдің қандай қымбат екендігін, мен эмигрант бола алмайтындығымды бағалай алмадым», - депті Борис Березовский.

Сонымен қатар ол тілшінің егерде Ресейде қалғанда түрмеде отырар едіңіз ғой дегеніне: «Қазіргі уақытта мен осы жылдар ішінде Лондонда қалай өмір сүрдім деген сауалдарға жауап іздеймін. Қазір менде бұл сауалдарға еш жауап жоқ. Ходорковский өзін сақтап қалды. Бұл менің өзімді жоғалтып алдым дегенді білдірмейді. Дегенмен мен барынша көп артық бағалаулар мен таңғалыстарды бастан кешірдім Ходоркоский біршама аздау. Мен өмірдің мәнін жоғалттым. Мен қазір саясатпен айналысқым келмейді», депті.

Естеріңізге сала кетейік, бейресми мәліметтерге қарағанда, Борис Березовский 23 наурыз күні таңертең өз өзіне қол салған. Келесі деректерге қарағанда, оның өлімне инфаркт себеп болған. Оның қаза тапқандығын туыстары қуаттап отыр. Ұлыбритан полициясы Березовский өліміне қатысты түсініктеме берген жоқ.

Борис Березовский - ресейлік ғалым, кәсіпкер әрі саяси қайраткер. 2000 жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатқан еді. Ресейде оған көптеген қылмыс жасалды деген айыппен сырттай 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.