Өлерінде 4 адамның өмірін құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Даммам қаласындағы король Фахд атындағы ауруханада дәм-тұзы таусылған 27 жастағы тұрғын төрт бірдей саудиялық ер адамның өмірін сақтап қалды. Марқұм әйелдің шарапаты тиген олардың жас шамалары да әрқалай.

Өлерінде 4 адамның өмірін құтқарды

Миы қызметін тоқтатқан әйел емханада өткен аптадан бері жатқан болатын. «Ethar» қайырымдылық қоры марқұмның отбасына оның ішкі ағзаларын мұқтаж пациенттерге беруін сұрап, қолқа салады.

Марқұм әйелдің жүрегі Ер-Риядтағы ханзада Сұлтан атындағы кардиологиялық орталықта жатқан 44 жастағы пациентке бұйырса, бір бүйрегі 15 жастағы ер балаға тарту етілді. Ал бауыры Даммамдағы 64 жастағы егде кісіге, тағы бір бүйрегі осы қаладағы 36 жастағы жігітке берілді, деп жазады muslim.kz.