12:53, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Өлген киіктердің саны 127 мыңнан асты - А. Мамытбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қырылған киіктердің саны 127 мыңнан асты. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

«Орын алған оқиғаның түрлі себептері қарастырылып жатыр. Соның ішінде топырақтан, судан, шөптен улану қаупі де бар. Енді біз киіктердің барлық жүріп өткен жерлерін тексереміз. Олардың өріс жолдары бойынша арнайы экспедиция жасақтап, жіберуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде көптеген киіктерде арнайы "чиптер" бар, сондықтан олардың жүріп өткен жолын табу оңай», - деді А.Мамытбеков.
ҚР АШМ мәліметтері бойынша бүгінгі күнде жаппай қырылған киіктердің саны 127 мыңға жетті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ресми дерек бойынша олардың саны 112 475 болған.