Өлген жылан жылы жерде қайта тірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зеландия аралының оңтүстігіндегі Сандвед ауылында екі питон табылды. Таңғы сағат 4-те жұмысқа бара жатқан жергілікті тұрғын саяжолдың бірінде бауырымен жорғалаушының үстінен шыққан.
Қораптың ішіндегі ұзындығы 132 сантиметр жыланда тіршілік белгісі байқалмаған. Полицейлер оны бөлімшеге алып барғанда жылы жерде қайта тірілген.
Осы ауылдың басқа тұрғыны таңертеңгі 7:30-да ауыл шетінен екінші жыланды тапқан. Ол қоқыс контейнерінің жанындағы қорапта болған. Ол да қимыл-қозғалыссыз жатыпты.
Полицейлер екінші жыланның да қысқы суық салдарынан ұйықтап жатқанына, жылы жерде қайта оянатынына сенімді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.