Өлім жазасына байланысты Бангладеште 42 адам өлтірілді
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бангладаште «Джамаат-и-Ислами Бангладеш» оппозициялық ислам партиясының көшбасшыларының бірі Делвар Хуссейн Сайеди өлім жазасына кесілгеннен кейін басталған ереуіл барысында 42 адам өлтірілді.
Бұл туралы полицияның ақпаратына сілтеме жасай отырып, Associated Press хабарлады.
Үкімге қарсы болған адамдар полициямен қақтығысып, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасап, «Лига Авами» басқарушы партиясының кеңселерін өртеп жіберді, деп жазды The Indian Express.
Полиция көз жасауратқыш газ қолдану және наразылыққа шыққан адамдарға оқ жаудыру арқылы тәртіпсіздікті тоқтатпақ болды. Associated Press мәліметтеріне қарағанда, өлтірілген 42 адамның ішінде алтауы құқық қорғау органдарының қызметкерлері.