Өлім жазасына қатысты құжат бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды,

Өлім жазасына қатысты құжат бірінші оқылымда мақұлданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжат еліміздің қолданыстағы заңнамаларын Конституция талаптарына сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Атап айтқанда, заң жобасында еліміздің Қылмыстық кодексіне өлім жазасына тек көптеген адамдардың өліміне себепкер болған террористік қылмыстар мен соғыс жағдайында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ғана кесуді енгізу қарастырылған. Құжат талаптары бойынша өлім жазасына кесілген адам өзін осы жазадан құтқаруды сұрауға құқылы. Отырыс барысында құжатты жан-жақты талқылаған сенаторлар оны екінші оқылымда қарау қажет деген байламға келді.