Олимпиада-1952 шырағданы Хельсинкиде 134 мың еуроға сатылды
«ЮЛЕ» телекомпаниясының хабарлауынша, сатылым 90 мың еуродан басталған, кейін оның бағасы 134 мың еуроға дейін жеткен.
Факел сол жылдардан бері тазаланбаған, тіпті жөнге келтірілмеген, дегенмен лоттың сырт пішіні өте жақсы деп бағаланды.
«Шырағданның сыртында күйе бар және аздап сызылған», - дейді «Холмасто» банкирлік үйінің директоры Кристиан вон Шанц.
Бұған дейін шырақ Олимпиада эстафетасын ұйымдастырған лауазымды тұлғаның жеке коллекциясында жатқан.
«1952 жылғы ойындарда бар-жоғы 22 факел жасалған. Әлемде оның саны шектеулі болғандықтан, бұл оның құндылығын жоғарылатады», - деп жазады «ЮЛЕ» телекомпаниясы.
Тілшілердің мәліметтері бойынша, аталмыш шырағданмен Хельсинки стадионында атақты желаяқ Пааво Нурми Олимпиада алауын тұтатқан. Дегенмен оны дәлелдейтін ешбір айғақ жоқ.
Айта кетейік, Хельсинки Олимпиадасында КСРО құрамасы алғаш рет олимпиада ойындарына қатысқан болатын.