04:32, 05 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: Ә.Ниязымбетов ширек финалда ирандық боксшыға қарсы шығады
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында жұдырықтасатын Әділбек Ниязымбетовтің ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды.

Ол 1/4 финалда колумбиялық- Джейсон Варелла Монройдан басым түскен ирандық Эхсан Роузбаханимен жұдырықтасады.
Айта кетейік, 1/8 финалда біздің спортшыға қарсы шыққан эквадорлық Карлос Гонгора Меркадо еш қауқар көрсете алмады. Шаршы алаңның шаңын шығарған Әділбек қарсыласынан 13:5 есебімен басым түсті.