18:41, 29 Шілде 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: Дзюдошы Сергей Лим жапондық спортшыға есе жіберді
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында Қазақ елінің атынан боз кілемге 66 келі санатында белдесуге көтерілген спортшымыз Сергей Лим жапондық Масаши Ебинумаға есе жіберді,

деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Аталған ведомствоның хабарлауынша, белдесудің екінші минутында-ақ жапон балуаны біздің спортшымызды таза жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін С.Лим Болгария дзюдошысы Мартин Ивановты белдесу аяқталмай жатып таза жеңген болатын. Өкінішке орай, екінші белдесуде жолы болмады. Естеріңізге сала кетейік, осымен Қазақ елінің намысын қорғауға аттанған үшінші дзюдошы сүрініп отыр.
Ертең, 30 шілде күні татамиге Ринат Ибрагимов шығып, Олимпиада жүлдесі жолындағы бәсекесін екінші айналымнан бастайды.