Олимпиада-2012: Қазақстан жалпыкомандалық есепте төртінші орында

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Дәл қазіргі уақытта ХХХ жазғы Лондон олимпиада ойындарында Қазақ елінің ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте төртінші орында тұр.
None
None

Қазақстан құрамасында екі алтын медаль. Біріншісін кеше велошабандоз Александр Винокуров тас жолдағы жарыста ұтқан болатын. Ал екінші алтынды бүгін зілтеміршіміз Зүлфия Чиншанло еншіледі. Ол сонымен қатар серпе көтеру жаттығуында  131 келі көтеріп, әлем рекордын да жаңартқан еді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 6 алтын, 1 күміс, 2 қола еншілеген Қытай командасы көш бастап тұр. Екінші орында 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен АҚШ құрамасы, ал үштікті 2 алтын, 2 күміс, 2 қола наградамен Италия командасы тұйықтауда.

Соңғы жаңалықтар