Олимпиада-2012: М.Вольнова қарсыласын ұтып, 1/8 финалға шықты

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында 75 келі салмақ санатында Қазақ елінің атынан шаршы алаңға көтерілген Марина Вольнова жеңіске жетті.
None
None

Ол 1/16 финалда кениялық  Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Қорытынды есеп - 20:11.

Айта кетейік, 1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Соңғы жаңалықтар