17:46, 05 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: В.Подлесный 50 метрден шағын калибрлі тапаншамен нысана көздеуде іріктеу сынынан өте алмады
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Вячеслав Подлесный 50 метрден шағын калибрлі тапаншамен нысана көздеуде іріктеу сынынан өте алмай, Олимпиада жүлдесі жолындағы жарысын аяқтады.

Бұған дейін ол пневматикалық тапаншадан 10 метрден нысана көздеуден ақтық сынға өте алмай қалған болатын. Ал бүгін сұрмергеніміз Royal Artillery Barracks жарыстарында 540 ұпаймен 36-шы орынға тұрақтап, көш басындағы спортшыдан 29 ұпайға кейін қалып қойды.
Айта кетейік, В.Подлесный Қазақстан спортшылары арасында ең бірінші болып олимпиадалық лицензия ұтқан болатын. Ол Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр.