Олимпиада-2016: Билет құны қанша болмақ?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиадалық ойындарды ұйымдастырушылар жарысқа сатылатын билеттің бағасын хабарлады.

Олимпиада-2016: Билет құны  қанша болмақ?

Ең арзан билеттер 20 доллар, ең қымбаты - 2300 доллар шамасында болады. Ұйымдастырушылар 7 млн.-ға жуық билет сатуды жоспарлауда.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бірінші кезекте билеттерді Бразилия тұрғындары ғана сатып ала алады. Осы жылғы желтоқсанда билеттер әлем бойынша сатыла бастайды.