Олимпиада-2018: Алексей Полторанин ширек финалға шықты
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында сынға түскен шаңғышы Алексей Полторанин ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол класикалық спринттік кезеңде мәре сызығын 3 минут 14.43 секундта кесіп өтіп, 13-орынмен ширек финалға шықты.
Сондай-ақ, ерлер арасында тағы бір отандасымыз Денис Волотка мәре сызығын 3 минут 22,52 секундта жүгіріп өтіп, көмбеге 80 спортшының арасынан 51-ші болып жетті. Осылайша, Денис Волотка ширек финалға өте алмай қалды.