Олимпиада-2018: Алғашқы алтын Швеция спортшысына бұйырды

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтыны Швеция спортшысына бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Алғашқы алтын Швеция спортшысына бұйырды

Әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарыста швециялық Шарлотта Калла аталған шақырымды 40 минут 44.9 секундта бағындырып, бас жүлдені жеңіп алды.

Күміс жүлде норвегиялық Марит Бьоргенге (+7,8 секунд), ал қола медаль финляндиялық Криста Пярмякоскиге (+10,1) бұйырды.

Аталған додада Қазақстандық Анна Шевченко мәреге 36-шы болып келді. Ал Елена Коломина 54-ші орында.Валерия Тюленова болса, мәре сызығын кесе алмай, 8,77 шақырымда жарыс жолынан шығып қалды.

Қысқы Олимпиада ойындары-2018.
Пхенчхан (Оңтүстік Корея). Тау шаңғысы.
Әйелдер. Скиатлон. 7,5 км классикалық стиль + 7,5 еркін:


1. Шарлотт Калла (Швеция) - 40:44.9
2. Марит Бьёрген (Норвегия) - +7.8
3. Криста Пярмякоски (Финляндия) - +10.1

36. Анна Шевченко (Қазақстан) - +3:40.2
54. Елена Коломина (Қазақстан) - +5:43.6
DNF. Валерия Тюленева (Қазақстан).