Олимпиада-2018: Айза Мамбекова жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада өнер көрсеткен отандасымыз Айза Мамбекова өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Өте керемет сырғанадым деп айта алмаймын. Десе де, бұл - өз есебім бойынша осы маусымдағы ең сәтті көрсеткен өнерімнің бірі. Олимпиада алдында жарақат алып, ем алғанымды жақсы білесіздер. Кореяға үшып келгеннен кейін де жарақатым өзіме сезіле бастады. Бірақ, мен оның барлығын назарыма алмай, өзімді "менде ешқандай жарақат жоқ, саумын" деп жігерлендіріп, жарысқа шығуды мақсат еттім. Міне, өздеріңіз көргендей мұз айдында еркін сырғанадым. Барынша қателіктерге бой алдырмауға тырыстым. Енді жарыстың соңын күтуіміз керек", - деп атап өтті Айза Мамбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Айза Мамбекова мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада сынға түсіп, 44.40 ұпай еншілеген болатын. Келесі болып тағы бір отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева шығады.

Соңғы жаңалықтар