Олимпиада-2018: Екатерина Айдова 1500 метрді 18-орынмен аяқтады

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан әйелдер арасында Екатерина Айдова финалға өтпей қалды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Екатерина Айдова 1500 метрді 18-орынмен аяқтады

Отандасымыз 1 500 метр қашықтықты 1.59.05 минутта басып өтіп, жарысты 18-шы орынмен аяқтады.

Бірінші орынды Нидерланды спортшысы Ирен Вюст еншілесе, екінші болып жапон қызы Михо Такаги келді. Үшінші орынды тағы бір нидерланды спортшысы Маррит Ленстра жеңіп алды.

Қазақстандық Айдова бірінші орын жеңіп алған спортшыдан +4.70 с. қалып қойды.